«Астана» Ресейдің құрлықтық чемпионатына қатысып жатыр

«Астана» Ресейдің құрлықтық чемпионатына қатысып жатыр

Қазан қаласында үстел теннисінен Ресей Федерациясының құрлықтық чемпионаты жалғасуда. Екінші жарыс күнінде «Астана» командасы екі рет жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Денис Жолдуев, Тимур Келбуғанов, Дастан Кенжеғұлов және Бекұлан Жамал бастаған спортшылар «Родина» (Архангельск) клубын 3:1, «Есонт» (Мәскеу облысы) клубын 3:0 есебімен жеңді.

Әзірге біздің команда үш рет жеңіске жетіп, бір рет ұтылды. 

Соңғы жарыс күнінде «Астана» «Ратен-Москва» және «ЦОП» клубтарымен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или