Дауға қалған Еламан Ерғалиев чемпион атағынан айырылмайды

Дауға қалған Еламан Ерғалиев чемпион атағынан айырылмайды

Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев Еламан Ерғалиев іліккен допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің федерация допингпен үнемі күресіп келеді. «Қазақстан Барысының» барлық жеңімпаздары WADA-ның допинг сынағынан өткен соң ғана сыйақыларын алады. 2017 жылы да, басқа кездері де солай болып келген», - дейді Арман Шораев Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, допингке байланысты спортшылар жарысқа жіберілмеген жағдайлар бұған дейін болған. «Еламан 2017 жылы басты турнирде адал жеңіске жетті. Ешқандай допинг табылған жоқ, ол өзіне тиесілі сыйақысын алды. Бүгінгі жағдай бойынша, мынаны айта аламын, 2018 жылдың қараша айында допингтің табылуы бұрынғы еңбектерін жоққа шығарып, жетістіктерін жоймайды. Алдағы додаларға жібермеу немесе шеттету туралы шешімді Федерацияның Атқарушы комитеті қабылдайды», - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или