Денис Теннің өлімі тапсырыспен жасалған ба?

Денис Теннің өлімі тапсырыспен жасалған ба?

Іс бойынша жәбірленуші болып спортшының анасы Оксана Тен тіркелген.

Сонымен қатар жәбірленуші тарап қосымша тергеу жүргізілуін талап еткені белгілі болды.

"Қосымша тергеу жүргізуге өтініш білдірдік. Заң бұзушылықтар шағымдарда көрсетілген. Қылмыстық-процестік кодекстің 320 бабының үшінші тармағына жүгінгім келеді. Заң бұзушылыққа жол берілген жағдайда сот істі прокуратураға жөнелтуі тиіс. Дәлелдердің барлығы өтініште көрсетілген.

39 томды қамтыған іс материалдарымен танысу барысында, жалпы саны 14 үйлеспеушілік анықтадық, олар мұның тапсырыс бойынша жасалған қылмыс екенін көрсетеді. Көмекшілер мен арандатушыларды жауапқа тарту керек. Оксана Алексеевна қосымша тергеу тағайындау немесе бөлек өндіріске шығару өтінішімен келіседі. Біз келтіріп отырған дәлелдерге көңіл бөлінбей отыр", - деді адвокат.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или