Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды

Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды

<span>Қылмыстық іс Алматы қалалық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.</span>

<span>Бүгінгі отырыста сотқа дейінгі тыңдалым өтті. Сот алдында үш адам жауап беруде. Олар - ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған Жанар Толыбаева, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясов. </span>

<span>Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. </span>

<span>Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или