«Астана» командасы 7 ойында жеңіске жетті
Үстел теннисінен Ресей Суперлигасының екінші тур ойындарын аяқтаған «Астана» командасы 7 ойында жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың соңғы күнінде Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Айя Әлімбаева және Гулчехра Хусейновалар испаниялық команданы жеңіп, мәскеулік «МФНТ-Кадет» клубынан 2:3 есебімен жеңілді.
Әзірге, 16 команданың арасында қазақстандықтар бесінші орында келеді.
«Жеті ойында біз айтарлықтай күш салмай-ақ, жеңіске жеттік. Команданың барлық мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Жаңа жылдық демалыс алдында жақсы көңіл-күй сыйлады бізге. АІВА академиясында өткен оқу-жаттығу жиындары мен Финляндиядағы халықаралық турнирдің пайдасы зор болды. Енді алдағы сындарда жақсы өнер көрсетуге тырысамыз», - дейді бапкер Дмитрий Переверзев.