Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир өтті
5-11 желтоқсан аралығында Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі халықаралы турнирге әлемнің 10 мемлекетінен 180 спортшы қатысты. Атап айтар болсақ, турнирде Армения, Грузия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстан спортшылары бақ сынаған болатын.
Классикалық стильде садақ атудан қазақстандықтар жүлдені ешкімге берген жоқ. Сұлтан Түзелбаев бірінші, Ильфат Абдуллин екінші, Ойбек Сайдиев үшінші орынды иеленді.
Әйелдер арасында грузиялық спортшыны ешкім жеңе алған жоқ. Қазақстандық Қаракөз Асқарова екінші, украиналық Катерина Дубровина үшінші орыннан көрінді.
Ал блоктық стильде Рустам Қарабаев үздік үштікке енді. Әйелдер арасында жерлесіміз Диана Макарчукке ешкім тең келген жоқ.