Алана Тоқтарова мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы атанды
Желтоқсанның 18-22 аралығында Ақтөбе қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі өтіп, жеңімпаздар анықталды деп хабарлайды ҰОК порталына сілтеме жасаған Prosports.kz
Ерлер арасында астаналық Никита Манько чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір астаналық спортшы, жақында Загребте өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері Рахат Бралин иеленді.
Үздіктер үштігін алматылық Владислав Филь қорытындылады.
Қыздар арасында Алана Тоқтарова топ жарды. Екінші орында Айза Имамбек, үшінші сатыда Вероника Шевелева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или