Алматыда "StarCraft 2"-ден Орталық Азияның ашық турнирі өтті
"StarCraft 2"-ден Орталық Азияның ашық турнирінің жеңімпаздары анықталды. Бұл жайында HUB ақпараттық-спорттық орталығы хабарлайды.<br /><br />Киберспорт - бейнеойындардың негізіндегі командалық немесе жекелеген сайыстар. Оны компьютерлік немесе электронды спорт түрі деп те атайды. Киберспортты ресми түрде бірінші болып мойындаған Ресей. Қазақстанда киберспорт федерациясы 2018 жылдың 1 маусымында тіркеліп, аккредитация алды. Үстіміздегі жылдың 25 шілдесінде ол елімізде ресми спорт түрі ретінде мойындалды.
- Киберспорт сегіз сайыстық жаттығулардан тұрады. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Біз "StarCraft 2" стратегиясы бойынша жарыс өткіздік. Бұл сайыстар шахматқа ұқсас. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. 10 жастағы бала да, егде тартқан адамдар да осы ойынды ойнай алады. Қазіргі кезде жасөспірімдер лигасы, киберспорттық академия жəне үздіксіз турнирлер секілді бірнеше жобаны қолға алып жатырмыз, - дейді Қазақстанның киберспорт федерациясының вице-президенті Евгений Боатырев.
"StarCraft 2"-ден Орталық Азияның ашық турнирінің жеңімпазы атағын Əділет "Lightweight" Сатыбалдин олжалады. Ол 1 200 000 теңгеге иелік етті.
Екінші орында - Владимир "Upakovka" Деркульский. Оған 500 000 теңге сыйақы берілді.
Үшінші орынды еншілеген Алмат "Replicant" Төлеуғалиев 200 000 теңгені қалтаға басса,
төртінші сатыға табан тіреген Антон "AntonyZerg" Рудьке 100 000 теңге бұйырды.