Қазақстандық палуан екінші мәрте спорттан шеттетілді

Қазақстандық палуан екінші мәрте спорттан шеттетілді

Бүгін, яғни 13 желтоқсан күні Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығының ресми сайтында тыйым салынған дәрумендерді қолданған спортшылардың жаңартылған тізімі шықты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Тізімге төрт қазақстандық спортшы кірді. Олар: Ернұр Қабатаев (еркін күрес), Махамбет Рахмет (дзюдо), Нұржан Ғаббасов (самбо) және Олег Гридасов (пара-пауэрлифтинг). 

Ернұр Қабатаев 2022 жылдың 16 қыркүйегіне дейін 4 жылға спорттан шеттетілді. Бұл оның бірінші рет ереже бұзуы емес. Бұған дейін палуанның қанынан дростанолон табылып, бір жылға шеттетілген болатын.

<span>Төменде спортшылардың шеттетілу мерзімі көрсетілген:</span>

Ернұр Қабатаев (еркін күрес) - 17 қыркүйек 2018 жыл - 16 қыркүйек 2022 жыл;

Махамбет Рахмет (дзюдо) - 30 қараша 2018 жыл - 30 қараша 2022 жыл;

Нұржан Ғаббасов (самбо) - 14 шілде 2018 жыл - 13  қараша 2020 жыл;

Олег Гридасов (пара-пауэрлифтинг) - 17 қараша 2018 жыл - 16 қараша 2026 жыл.

Осылайша, 2018 жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы 36 қазақстандық спортшыны шеттеті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или