Жүзушілеріміз әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Жүзушілеріміз әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жүзуден қысқа қашықтықтағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар іріктеуден аса алмай жатыр, деп жазады Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

50 метрге еркін әдіспен жүзген Александр Варакин өз тобында бірінші орын алып, Қазақстан рекордын жаңартты. Алайда, жалпы есепте 43-ші сатыда қалған ол жартылай финалға өте алмады. Варакиннің уақыт көрсеткіші – 22.11.

50 метрге брасс әдісімен жүзуде сынға түскен Әділ Қасқабай да жартылай финалға өте алған жоқ. Өз тобында 10-шы, жалпы есепте 31-ші орын алған Қасқабайдың уақыт көрсеткіші – 24.79.

Еске сала кетейік, кеше Аделаида Пчелинцева мен Әділбек Мусин ел рекордын жаңартқан болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или