FINA су добына видео бақылау жүйесін енгізбек

FINA су добына видео бақылау жүйесін енгізбек

Жүзу спортынан халықаралық федерация ватерпол матчтарына төрелік ету кезінде видео бақылаудың көмегіне жүгіну турады шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап<span>.</span>

Бұл қаталдық мен экстремалды зорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылмақ. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен кезектен тыс конгресте көптеген өзгерістер орын алды. Су добындағы өзгертулерді 161 делегат қолдап, алтауы қарсы шықты. Ал тағы екі өкіл қалыс қалған. 

FINA президенті Хулио Маглионенің айтуынша, бұл өзгерістер су спорты түрлерін жақсартып, бәсекеге қабілетті ету үшін аса қажет. 

Ватерпол төрешілері үшін су астында болатын тәртіпсіздіктерді анықтау өте қиын. 2016 жылы New York Times басылымына сұхбат берген Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Натали Бенсон су астында аяқпен тебу секілді тәртіп бұзушылықтардың ескерусіз қалатынын айтқан еді. 

Жаңадан енгізілетін видео бақылау жүйесі бұл тәртіпсіздіктердің алдын алады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или