Әділбек жүзуден әлем чемпионатында жартылай финалға өте алмады
Қытайдың Ханчжоу қаласында қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азиада жүлдегері Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өте алған жоқ.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы 100 метрді 51.50 секундта жүзіп өтті. Алайда, келесі айналымға өту үшін бұл жеткіліксіз болды.
Айта кетерлігі, Әділбек бұл көрсеткіші арқылы Қазақстан рекордын жаңартты.
Іріктеуден соң АҚШ, Германия және Италия спортшылары алда келеді.
Еске сала кетейік, Қытайдағы әлем чемпионатына Дмитрий Баландиннен өзге спортшыларымыз түгелдей қатысуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или