Испанияда санта-клаустар жарысты
Испания астанасында санта-клаустар мен ертегілік эльфтердің дәстүрлі жаппай жүгіруі өтті.
<span>Қызықты шараға қатысқан 7 мыңға жуық адам Мадридтің орталық көшелерімен 5 шақырым жер жүгірді. Шаһар аяз аталарға толып, қалада мерекелік көңіл-күй орнады. Ал акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – кәрі құрлықтағы санта-клаустардың ең үлкен жүгіру шарасы. </span>
<span>Қызықты акциядан жиналған қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.</span>
<span>24.kz</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или