Ақтөбеде каратеден Қазақстан чемпионаты басталады

Ақтөбеде каратеден Қазақстан чемпионаты басталады

Ақтөбеде каратеден XXVII Қазақстан чемпионаты басталады. Ұлттық біріншілікке еліміздің бар аймағынан 150-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. 

Жарыс кумитэ мен ката бойынша өтеді. Жанкүйерлер жас спортшылар мен қатар, ұлттық құрама сапында атой салып жүрген тәжірибелі каратешілердің де аяқ алысын тамашалай алады.

Биылғы ел біріншілігі Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Қазақстан карате федерациясы енгізген рейтингілік жүйе команда мүшелерінің арасындағы бәсекелестікті арттыруға септігін тигізді. 

Демек, ел чемпионатында жинақтаған ұпайлар ұлттық құрамадан орын сайлауға мүмкіндік береді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или