Медицина қызметкерлері Президенттік тестілеуден нормативтер тапсырды
<span></span>

Алматыда медицина қызметкерлері Президенттік тестілеуден нормативтер тапсырды. №1-ші клиникалық ауруханада өткен шара 1 желтоқсан Президент күніне орайластырылды.
<span>35 жылдық тарихы бар №1-ші клиникалық ауруханың қызметкерлері, еліміздің мединицалық ЖОО-ның резиденттері мен студенттері, шетелден келген тәлімгерлер барлығы 150-ден астам қатысушы төрт түрлі спорт түріне қатысып, алдына қойылған межені бағындыруға тырысты. </span>
<span>Олар 100 метр қашықтыққа жүгіріп, ұзындыққа секіріп, кеудені жерден көтеру мен граната лақтыру нормативтерін орындады. Үздік болғандар аурухана әкімшілігі әзірлеген алғыс хаттар, медальдар мен кубоктар, естелік сыйлықтарға ие болды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или