Қазақстандық бадминтоншылар рейтингілік турнирде топ жарды
Оралда бадминтоннан сегіз ел спортшыларының қатысуымен өткен халықаралық турнир аяқталды. Рейтингтік ұпай беретін жарыс еліміздің батысында жоғары деңгейде өтті. Аталған турнирдің финалдық бәсекесінде қазақстандық спортшылардың жолығуы жанкүйерлер қуанышын еселей түскен болатын.
Olympic.kz елімізде осымен екінші рет өткізіліп отырған ірі турнир қорытындысы назарларыңызға ұсынып, бадминтон шеберлерінің Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екенін сараптап көрді.
Күздің соңғы айында Орал қаласы бадминтон ордасына айналды. Себебі, қалада бадминтоннан үш бірдей ірі турнир өтті.
Қарашаның 10-16 аралығында Оралда бадминтоннан Қазақстан чемпионаты өтіп, жеңіипаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Ал 17-20 қарашада Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан спортшыларының қатысуымен Орталық Азия чемпионаты өтті. Аталған сында Богдан Назаров бес категория бойынша жеңіске жетіп, абсолютті чемпионатағына қол жеткізді.
Қарашаның 22-25 аралығында өткен APACS халықаралық турнирі сегіз ел спортшыларының басын қосты.
Атап айтар болсақ, Қазақстан, Молдова, Австралия, Өзбекстан, Бахрейн, Ресей, Үндістан мен Өзбекстаннан спортшылар келді. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер арасындағы жекелей сын финалына екі бірдей қазақстандық шықты.
Артур Ниязов пен Дмитрий Панарин арасындағы бәсеке Панариннің жеңісімен аяқталды. Сондай-ақ, Панарин мен Ниязов жұптасып өнер көрсетуде финалға өтіп, Кулматов/Воробьев жұбынан басым түсті.
Аралас жұптасып өнер көрседуе Ниязов пен Вероника Сорокина үшінші орыннан көрінді.
«Халықаралық турнирге үш құрлықтан атлеттер келді. Қазақстан тарапынан құраманың үздік спортшылары қатысып, жеңіске жетті. Бұл турнир Халықаралық Бадминтон федерациясының қолдауымен ұйымдастырылғандықтан, рейтингілік ұпайлар бергенін айта кеткен жөн. Яғни, 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына осы турнирден бастап ұпай жүре бастайды.
Біздің спортшылар бес категорияның үшеуінен сынға түсіп, екі категорияда финалға шықты. Біз мұндай жеңісті күтпеген едік. Команданың негізгі мақсаты - Олимпиада ойындарына жолдама алу. Сондықтан, мұндай ірі додаларды біздің елде өткізу спортшылар үшін өте маңызды.
Жалпы, Олимпиада туралы айтар болсақ, біздің спортта аймақтық іріктеу турнирлері өткізілмейді. Яғни, Олимпиадаға қатысатын үздік 32 спортшының қатарына ену үшін рейтингілік турнирлерде ұпай жинау қажет. Біздің 2019 жылдың 1 мамырынан 2020 жылдың 1 мамырына дейін он турнир өткізіледі. Қаражаттың жеткеніне қарай сол бәсекелерге қатысуға тырысамыз», - дейді бас бапкер Асқар Орманов.