Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов жұбы алтыншы орында
Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан Tallinn trophy 2018 турнирі өтуде. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың қысқа бағдарламадан кейінгі нәтижелерімен таныстырады.
Жұптасып сырғанауда Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов жұбы алтыншы орында келеді. Төрешілер олардың өнерін 34.18 ұпайға бағалаған.
Айза Имамбек қыздар арасындағы сайыста 25-ші орында тұр. Қыздар арасындағы бәсекеде ресейлік Серафима Саханович көш бастап келеді.
Ерлер арасында сынға түскен Никита Манько мен Артур Панихин тиісінше 18 және 20-шы орындарды иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или