Ақтөбеде каратэ төрешілеріне арналған семинар өтеді
Бүгін Ақтөбеде каратеден төрешілерге арналған семинар өтеді. Дәріс оқуға басқа емес, Әлемдік карате федерациясы төрешілер коминетінің басшысы Жавьер Эскаланте келді деп хабарлайды Olympic.kz.
Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан халықаралық квалификациядан өткен отыздан аса төреші қатысады.
2020 жылғы Олимпиада қарсаңында каратенің қазіргі ережелері біраз өзгеріске ұшырамақ. Семинардың ең басты тақырыбы да осы болмақ.
Халықаралық ұйымның бас төрешісі қатысушыларға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістер туралы толығырақ баяндайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или