Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы ел чемпионаты басталды
Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ұлттық біріншілікке жалпы есебі 113 спортшы қатысуда.
Чемпионат 30 қарашаға дейін созылады. Жастар арасындағы додада Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларымен бірге Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облысынан спортшылар бақ сынап жатыр.
Астана қаласынан 26, Алматыдан 22, Қарағанды облысынан 27, Шымкенттен 16 спортшы қатысуда.
Olympic.kz жарыстың алғашқы жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынады:
Жасөспірім ұлдар:
1. Даниэль Шалабаев (Шымкент)
2. Егор Зябрев (Түркістан обл)
3. Дмитрий Сергиенко (Түркістан обл)
Жасөспірім қыздар:
1. Алика Халимова (Шымкент)
2. Лия Мусина (Астана)
3. Ирина Павленко (Түркістан обл)
Ересектер:
1. Мәлім Досыбек (Шымкент)
2. Арсен Өтеуіл (Алматы)
3. Аян Сақыбек (Шымкент)