Токио-2020 ұйымдастырушылары сынақтық жарыстардың екінші бөлімін таныстырды
Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті төртжылдық додасы қарсаңындағы сынақтық турнирлердің екінші кезеңі басталғанын жариялады. Жарыс кестесіне 16 спорттық шара мен 20 мәдени іс-шара енгізілген.
Соңғы кезең бағдарламасы 2019 жылдың қаңтарында хабарланады. 2020 жылдың мамырына дейін жалпы есебі 56 іс-шара өткізіледі деп жоспарлануда. Оның басым бөлігі 2020 жылғы Олимпиада ойындарында дайындық аясында өтеді. Ал қалған жарыстар Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің қолдауымен өткізіледі.
Сынақтық жарыстар Жапония тұрғындары мен жарысты ұйымдастырушыларға олимпиадалық нысандардың дайындығын байқауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама үшке бөлінген: алғашқысы 2019 жылдың қыркүйегіне дейін өтсе, екіншісі 2019 жылдың қазаны мен 2020 жылдың ақпаны аралығында, үшіншісі 2020 жылдың наурызы мен мамыры аралығында өтеді.