Қазақстан триатлон федерациясы бапкерлердің біліктілігін арттырып жатыр

Қазақстан триатлон федерациясы бапкерлердің біліктілігін арттырып жатыр

Алматыда триатлон спортындағы 30 жаттықтырушы біліктілігін арттыру курсынан өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан триатлон федерациясы еліміздегі бапкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында кезекті жиынын өткізді. Біліктілік арттыру курсына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан, Түркістан және Қарағанды облыстарынан мамандар қатысты. 

«Триатлоншыларды дайындаудың негізгі қағидалары» деп аталатын шеберлік курсын ҚТФ бас хатшысы Максим Крят, триатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Глущенеко және ҚТФ жарыстарды өткізу жөніндегі департамент жетекшісі Сергей Майер өткізді. 

Алғашқы екі күн бойы қатысушылар дәріс тыңдаса, үшінші күні практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Курс аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификат табысталды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или