Ақтөбеде каратэден Қазақстан чемпионаты өтеді

Ақтөбеде каратэден Қазақстан чемпионаты өтеді

Қарашаның 28-30 аралығында Ақтөбеде каратеден Қазақстан біріншілігі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұлттық чемпионатқа еліміздегі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 17 спортшы қатысады деп күтілуде. 

Құрама команданың үздіктері де чемпионаттан сырт қалмайды. 

Ел біріншілігі аяқталған соң, ұлттық құрама жаңартылып, болашағынан үміт күттіретін жастар команда қатарына алынады. 

Еске сала кетейік, биылғы маусым қазақстандық каратешілер үшін жаман болған жоқ. Азия ойындарында Гузалия Гафурова чемпион атанса, әлем чемпионатында Дархан Асаділов қола жүлдеге қол жеткізді. 

Сондай-ақ, премьер-лига кезеңдерінде Данияр Юлдашев күміс жүлде иеленді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или