Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің жартылай финалына өтті

Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің жартылай финалына өтті

Біріккен Араб Әмірлектерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан командалық есептегі әлем кубогінде Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды. 

Алғашқы кездесуде қазақстандықтар Кот-д'Ивуар құрамасымен тең түсті. Есеп – 92:92. 

Екінші жекпе-жекке белгісіз себептермен Оңтүстік Корея құрамасы шықпай қалды. Автоматты түрде үшінші айналымға жолдама алған біздің құрама Ресейден ғана ұтылды. 

Десе де, ұпай саны бойынша отандық таеквондошылар жартылай финалға өтті. Финал жолдамасы үшін қазақстандықтар Иран құрамасымен кездеседі. Медаль үшін талас бүгін өтетінін хабарлаймыз. 

«Турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. Балалар бар күшін салуда. Мұндай ірі жарыс көптеген жас спортшылардың өзіне деген сенімділігін де арттырады. Сондықтан, бүгін жүлде үшін аянын қалмаймыз», - дейді таеквондодан ұлттық құраманың аға бапкері Батырбек Есдәулетов. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или