Дмитрий Алексанин шпагадан әлем кубогі кезеңінде үздік үштікке енді
Швейцарияның Берн қаласында өтіп жатқан шпагадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Дмитрий Алексанин қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін сүрінген жоқ. Финал жолдамасына таласта Алексанин әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері, Рио Олимпиадасының қатысушысы, нидерландтық Бас Вервейленге есе жіберді.
Есеп – 10:15. Осылайша, Дмитрий Алексанин әлем кубогі кезеңінде үздік үштікке енді.
Жарысқа жалпы есебі 290 спортшы қатысты.
Еске сала кетейік, Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или