UIMP Қазақстанның қазіргі бессайыс федерациясын марапаттады
Халықаралық қазіргі бессайыс одағы 2018 жылды қорытындылап, үздіктерді анықтады деп хабарлайды<span> </span>Olympic.kz.
Жыл қорытындысы бойынша, Астанада өткен әлем кубогінің финалдық бәсекесі үздік жарнамаланған сайыс аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Одан бөлек, UIPM Құрмет залына енген 15 адамның қатарына қазақстандық<span> </span>Досымбетов Тимур Қамалұлы<span> </span>да қосылды. Ол еліміздегі және әлемдегі қазіргі бессайысты дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет залынан орын алды.
Бүгінге дейін Халықаралық қазіргі бессайыс одағының Құрмет залына енген танымал тұлғалар қатарында олимпиадалық қозғалыстың бастауында тұрған Барон Пьер де Кубертен, ХОК президенті ретінде 21 жыл жұмыс істеген Хуан Антонио Самаранч, қазіргі бессайыстан Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері Павел Ледневтер бар екенін еске саламыз.