Оралда бадминтоннан халықаралық турнир басталды

Оралда бадминтоннан халықаралық турнир басталды

Бұл күндері оралда бадминтоннан ересектер арасындағы АПАКС халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары.

Жарысқа сегіз елден спортшылар қатысуда. Атап айтар болсақ, Қазақстаннан 30, Өзбекстан мен Ресейден 18, Австралия, Үндістан және Бахрейннен бір-бір өкіл бар. 

Турнирде жеңімпаз атанған спортшы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болады. 

Оралдағы жарысқа жалпы есебі 32 төреші қазылық етуде. Оның ішінде төрт төреші Азия бадминтон қауымдастығының өкілдері. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или