Отандық таеквондошылар Фуджейрада жылдың қорытынды жарысына қатысады

Отандық таеквондошылар Фуджейрада жылдың қорытынды жарысына қатысады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейро қаласында таеквондодан Гран-при кезеңінің финалдық додасы мен командалық әлем кубогі өтеді. 

Гран-при турнирінің ақтық сынына Қазақстан құрамасы сапынан бір ғана спортшы жолдама алды. Ол 87 келіден жоғары салмақта сынға түсетін<span> </span>Смайыл Дүйсебай. 

Гран-при жарысының финалдық кезеңінде жеңімпаз атанған спортшыға 80 ұпай беріледі. Бұл әлем чемпионатынан кейінгі екінші ірі рейтингілік турнир. 

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы аралас командалық әлем кубогіне шақырту алды. 

Командалық бәсекеде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды: 

Ерлер құрамасы:

1) Елдос Ысқақ

2) Ерасыл Қайырбек

3) Нұрлан Мырзабаев

4) Руслан Жапаров

5) Рахым Әділханов (қосалқы құрам)

Ерлер мен әйелдер (микс):

1) Қазыбек Бақтиярұлы

2) Смайыл Дүйсебай

3) Фариза Алдоңғарова

4) Жансель Дениз 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или