Карими мен Курбанов спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогына аттанды

Карими мен Курбанов спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогына аттанды

Бүгін Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі өтеді. Аталған додаға қазақстандық спортшылар да қатысады. 

Жақында Дохада аяқталған әлем чемпионатының ізін ала, Котбуста әлем кубогі кезеңі өтеді. Бұл спорттық гимнастикадан биылғы маусымдаңы соңғы ірі жарыс. Десе де, аталған турнирдің маңызы жоғары.

Германиядағы әлем кубогі кезеңінде Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ. Яғни, әлем чемпионатынан кейінгі екінші лицензиялық турнир дәл осы Котбуста өтеді. 

Әлем кубогі кезеңіне Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар –<span> </span>Нариман Курбанов пен Милад Карими. 

Жақында ғана әлем чемпионатында үздік бестікке кірген Нариман Курбанов ат снарядында сынға түседі. 

Ал жарақатынан айыққан Милад Карими еркін жаттығу, кермедегі жаттығу және қол тіреп секіруден бақ сынайды. 

Кеше Александр Ким бастаған Қазақстан құрамасы Берлинге ұшып кетті. 

Еске сала кетейік, Дохадағы әлем чемпионатының командалық есебінде Қазақстан құрамасы 16-шы орын иеленіп, алғашқы 24 команда қатарына енді. 

Нариман Курбанов ат снаряды бойынша финалға өтіп, 5-ші орыннан көрінді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или