Қазақстан семсерлесу федерациясында есеп беру жиыны өтті
Бүгін Қазақстан семсерлесу федерациясы биылғы маусымды қорытындылап, басшылық құрамына өзгерістер енгізді деп жазады Olympic.kz.
Конференцияда федерация жұмысы сарапталып, жылдың қорытынды есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, басшылық құрамында ауыс-түйістер болды.
Атап айтар болсақ,<span> </span>Елсияр Қанағатов<span> </span>дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан семсерлесу федерациясының вице-президенті болып сайланды.
Жылдың есеп беру жиынында сөз алған лауазымды тұлғалар семсерлесу спортының өрісін кеңейту үшін маңызды жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или