75 жастағы көкшетаулық кір тасын көтеруден Әлем чемпионы атанды

75 жастағы көкшетаулық кір тасын көтеруден Әлем чемпионы атанды

Көкшетаулық 75 жастағы ардагер спортшы салмағы 16 келі кір тасын 30 рет көтеріп, Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

<span>Өзбекстан Републикасының Бұхара қаласында кір тасын көтеруден жасөспірімдер,  ерлер мен әйелдер, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Әлем чемпионаты өтті. </span>

<span>Жарысқа әлемнің 15 елінен әр жастағы 200-ге жуық спортшы қатысты. </span>

<span>Оның ішінде Көкшетаудан барған 75 жастағы ардагер спортшы Борис Нұғыманов 75-79 жастағылар арасында 80 келі салмақта 16 келі кір тасын 30 рет көтеріп, Әлем чемпионы атанды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или