Кирилл Казанцев — маунтинбайктан Азия Кубогының күміс жүлдегері
Маунтинбайктан Малайзияда өткен Азия Кубогында қазақстандық Кирилл Казанцев күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 қараша күні мәресіне жеткен жарысқа бірнеше қазақстандық спортшы қатысты.
Кирилл Казанцев екінші орын иеленсе, Темірлан Мұхамедиянов жетінші сатыдан көрінді.
Жасөспірімдер арасындағы сыннан да жүлдесіз қалмадық. Денис Сергиенко қола медаль жеңіп алса, Татьяна Богданова чемпион атанды.
Еске сала кетейік, Кирилл Казанцев биыл өткен Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или