Жансая Әбдімәлік бірінші партияда әлем чемпионын ұтты
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 18 жастағы Жансая Әбдімәлік ел намысын қорғап жатыр.
<span>Қандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы - 2015 жылғы әлем чемпионы, украиналық Мария Музычук. Бірінші партияда Жансая күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді классикалық шахматтың екінші партиясы 13 қарашада болады. Егер есеп теңесетіндей болса, шахматшылар жеңімпазды тай-брейкте анықтайды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или