Алматыда балалар триатлоннан жарысқа қатысады
14 желтоқсанда Алматыда интернаттар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында триотлоннан «My Win Triathlon Almaty» чемпионаты өтеді.
Жарысқа 7-16 жас аралығындағы 131 бала қатыспақ. Триатлон үш кезеңнен тұрады: жүзу, велокезең және жүгіру.
Жарыс кестесі мынадай: акватлон (50 м - жүзу, 1 км - жүгіру), Super sprint triathlon (100 м - жүзу, 5 км - велокезең, 1 км - жүгіру). Қатысушылар бірнеше жас топтарына бөлінеді: 4-5-1-ші сынып, 6-сынып, 8-10-шы сынып.
Чемпионатты бірнеше ұйым бірігіп жасап жатыр: «My Win» жобасы, Алматы триатлон федерациясы, «Смелость быть первым» корпоротивті қоры.
Балаларды жарысқа Евгений Азарьев, Дмитрий Хан және Илья Гусаков секілді спорт шеберлері дайындайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или