Дархан Асаділов қола жүлдеге таласады

Дархан Асаділов қола жүлдеге таласады

Мадридте каратеден әлем чемпионаты жалғасуда. Кешегі жарыс күнінде қазақстандық спортшы Мөлдір Жаңбырбай жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады деп жазады Olympic.kz. 

Мөлдір жастығына қарамай, ересектер арасындағы әлемдік сында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Ол бірінші айналымда тунистік қарсыласын 7:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде француз қызын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Үшінші айналымда түрік спортшысына есе жіберіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алған. 

Өкінішке қарай, қола медаль үшін тартыста сербиялық спортшымен кездескен Мөлдір төрешілер шешімімен жеңіліске ұшырады. Есеп тең түссе де, қазылар жеңісті Мөлдірдің қарсыласына ұстатты. 

60 келідегі Дархан Асаділов сенбі күні әлемдік сынның қола жүлдесіне таласады. Ол Грузия, Камерун, Румыния, Франция, Чили спортшыларынан басым түсіп, жартылай финалда жапондық каратешіге жол берді. 

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ермек Айназаров өкінішке қарай, жүлдесіз қалды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или