Шымкентте таеквондодан Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкентте таеквондодан Қазақстан чемпионаты басталды

9 қараша күні Шымкент қаласында таеквондодан Қазақстан біріншілігі басталады. Ел чемпионатына барлық аймақтан жалпы есебі 235 спортшы қатысады деп жазады Olympic.kz. 

Жыл сайын өтетін ұлттық біріншіліктен соң спортшылар чемпиондық атақты иеленіп қана қоймай, Қазақстан құрамасына шақырту алады. Сол себепті, жастардың да, тәжірибелі таеквондошылардың да жеңімпаз атануға бар күшін салары анық. 

Қазақстан біріншілігіне ұлттық құраманың үздіктері қатысады. Тек, Тайбей Президентінің кубогінде бақ сынайтын Руслан Жапаров, Смайыл Дүйсебай, Нұрлан Мырзабаев пен Жансель Дениз жарыстан босатылған. 

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында жақсы жетістігімен көзге түскен спортшыларға ересектер арасында сынға түсуге рұқсат етілді. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы Шыңғыс Сәндібаев пен Қаби Мақсат ұлттық чемпионатта өз мықтылығын дәлелдемек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или