Ашық суда жүзуден әлем кубогі кезеңіне төрт қазақстандық қатысады

Ашық суда жүзуден әлем кубогі кезеңіне төрт қазақстандық қатысады

9 қараша күні Әбу-Дабиде ашық суда жүзуден әлем кубогі басталады. Аталған додаға әлемнің 40 мемлекетінен 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде.

Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары да бар. 

Кубоктік додада Қазақсан намысын Виталий Худяков, Кенесары Кененбаев, Лев Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғайды. Олар 10 шақырымдық жарыста бақ сынайды. 

"Біз 6 қараша күні ұшып келдік. Бүгінде климаттық жағдайға бейімделіп, бірнеше жаттығу өткізіп үлгердік. Барлығы жоспар бойынша өтуде, көңіл-күйіміз де жақсы. Ұзақ уақытқа созылған жаттығудың жемісін көрсек дейміз. Бұл жолы кубоктік сынға кіл мықтылар келді. Біз де жүлдеге таласамыз", - дейді Кененбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или