Данияр Юлдашев күміс жүлде үшін таласады
Испанияның Мадрид қаласында каратеден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz
84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Юлдашев ширек финалда украиналық Валерий Чеботарьға есе жіберді. Кездесуде 0:0 есебі тіркелгеніне қарамастан, төрешілер жеңісті Даниярдың қарсыласына берді.
Іріктеу айналымдарында Сауд Арабия, Венесуэла және Венгрия спортшыларынан басым түскен Юлдашев 10 қараша күні қола жүлдеге таласады. Даниярдың қарсыласы – әлем чемпионы, ирандық Забиолла Пуршаб.
Еске сала кетейік, Данияр Юлдашев Азия ойындарының қола жүлдегері, Берлинде өткен Премьер-лига додасының күміс жүлдегері.
Айта кетелік, Мадридтегі әлем чемпионатына 140 елден спортшы қатысуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или