Санауов WKF Атқарушы комитетінің құрамына кірді
Халықаралық каратэ федерациясы Мадридтегі әлем чемпионаты-2018 қарсаңында Конгресс өткізді, деп хабарлайды olympic.kz. <br /><br /><span>Іс-шара аясында осы спорт түрін дамытудың негізгі бағыттарына қатысты мәселелер қозғалды, сондай-ақ спорттық іс-шаралардың есептері жарияланды. Одан бөлек, жиында болашақ әлем чемпионаттарының өтетін орны туралы айтылды. Сантьяго-де-Чили 2019 жылы кадеттер, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі қатысушылар арасында әлем біріншілігін қабылдайды. Ал Будапешт ересектер арасында өтетін ӘЧ-2022 үшін таңдалған. Тағы бір маңызды қаулы, атап айтқанда Қазақстан үшін WKF Атқарушы комитетінің құрамын жаңарту болды. Оның өкілдері арасында енді Қазақстан командасының бас бапкері Жасталап Санауов болады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или