Жасталап Санауов WKF атқарушы комитетінің құрамына кірді

Жасталап Санауов WKF атқарушы комитетінің құрамына кірді

Халықаралық каратэ федерациясы Мадридтегі әлем чемпионаты-2018 қарсаңында Конгресс өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Сантьяго-де-Чили 2019 жылы кадеттер, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі қатысушылар арасында әлем біріншілігін қабылдайды. Ал Будапешт ересектер арасында өтетін ӘЧ-2022 үшін таңдалған. 

Тағы бір маңызды қаулы, атап айтқанда Қазақстан үшін WKF Атқарушы комитетінің құрамын жаңарту болды. Оның өкілдері арасында енді Қазақстан командасының бас бапкері Жасталап Санауов болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или