Қазақстан спорттық оқ ату және стенд атудан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан спорттық оқ ату және стенд атудан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кувейтте спорттық оқ ату мен стенд атудан Азия чемпионаты басталды. Қазақстандық мергендер командалық жарыста жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық жарысқа отыз елден үш жүз спортшы қатысып жатыр. Командалық жарыста Илья Федин, Алексей Клейменов және Юрий Юрков күміс медаль иеленді. Қытай спортшылары бұл сайыста чемпион атанды.

Сонымен қатар ерлер арасындағы 10 метрден пневматикалық винтовкадан ату жарысында Илья Федин іріктеуден сүрінбей өтіп финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или