Керлингтен Қазақстан құрамасы тағы да жеңілді

Керлингтен Қазақстан құрамасы тағы да жеңілді

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында Қазақстан ерлер құрамасы керлингтен Азия-Тынық мұхия чемпионатының үшінші матчында Жаңа Зеландияға есе жіберді.

Қазақстандық құрама қатарынан үшінші матчта жеңіліс тапты. Бұл жолы Жаңа Зеландия біздің керлингшілерді 14:8 есебімен жеңді. Қазақстандықтар ойынды соңына дейін аяқтамай, 9-шы эндте жеңілісті мойындады.

Айта кетейік, ертең біздің құрамасы турнирдегі төртінші матчында Жапониямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или