Елсияр Қанағатов: Каратэге ерекше назар аударып жатырмыз

Елсияр Қанағатов: Каратэге ерекше назар аударып жатырмыз

Алдағы уақытта қазақстандық каратешілер Жапонияда жаттықпақ.  Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов zhasalash.kz басылымында берген сұхбатында мәлім етті. 

"Каратэ-до 2020 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосылған. Оған да ерекше көңіл бөліп жатырмыз.Жақында Токиодан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Юки деген қаланың мэрі Фумио Земба мырзамен келісімшарт жасадық. Соған сәйкес біздің каратэшілер осы қалада дайындық жүргізе алады. Біз сол барғанымызда каратэшілерге арналған базамен таныстық, онда барлық жағдай жасалған. Каратэшілеріміз қай уақытта барып дайындаламыз десе де, жолдары ашық. Кез-келген уақытта барса, Юки қаласы күтіп алып, спортшыларымыздың алаңсыз жаттығуына жағдай жасайды",-деді Е.Қанағатов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или