Иранда есу слаломынан Азия чемпионаты басталды
31 қазан мен 3 қараша аралығында Иранның Карадж қаласында есу слаломынан 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді деп жазады Olympic.kz.
Құрлық додасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғауда. Атап айтар болсақ, А. Куликова, А. Аманбаев, А. Салихова, Р. Таштамышев, С. Тихомиров.
Тағы бір айта кетерлігі, қазанның 25-30 аралығында аталған спортшылар Карадж қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын.
Ирандағы жарыс өз кестесінен бір күнге кешігіп басталды. Бұл ұйымдастырушылардың қателігінен болуы мүмкін.
Команда бапкері - О. Королева.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или