Таеквондодан Қазақстан құрамасы Тайпейдегі Президент кубогына қатысады
Қарашаның 8-15 аралығында Қытайлық Тайпейде таеквондодан Президент кубогі додасы өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Халықаралық рейтингілік турнирге Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысады.
Атап айтар болсақ, Президент кубогінде ел намысын Жансель Дениз (73 келі), Руслан Жапаров (80 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі) және Нұрлан Мырзабаев (+80) қорғайды.
Еске сала кетейік, Президент кубогіне қатысатын спортшылардың басым бөлігі Азия ойындарында жүлде алған болатын.
Жансель Дениз күміс жүлдегер атанса, Жапаров пен Мырзабаев Азиаданың қоласын иемденді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или