Жансель Дениз таэквондодан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
26-29 қазан аралығында Сербия астанасы Белград қаласында таэквондодан халықаралық турнирде Жансель Дениз жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз 73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Ақтық сында француз Солене Абоулетені 5:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Жансель 108 ұпаймен әлемдік рейтингте 25-ші орынға табан тіреп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или