Төрт қазақстандық спортшы допингпен ұсталды
Допинге қарсы ережені бұзған қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Қазақстан ұлттық допинге қарсы орталықтың таратқан мәліметіне сәйкес төрт қазақстандық спортшының қанынан тыйым салынған дәрумендер табылған. Атап айтқанда: ватерполшы Александр Годованюк («оралтуринабол»), самбошылар Абзал Әбілдашев («дростанолон», «метандиенон», «тренболон», «станозолол») пен Азат Добаиев («фуросемид»), сондай-ақ, пауэрлифтерші Аслан Коригов («тестостерон»).
Айта кетейік, 2018 жылы 30 қазақстандық спортшы допингпен ұсталып, шеттетілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или