Қазақстандық таеквандошылар Белградта екі алтын алды

Қазақстандық таеквандошылар Белградта екі алтын алды

Белградта өткен таеквандодадан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар екі алтын медальді қанжығалады, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.  

Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз Белградтағы турнирде 73 келіде топ жарды. Ал Азиаданың қола жүлдегері Фариза Алдоңғарова 53 келіде чемпион атанды. 58 келідегі Айтуар Шайкенов үздік үштік қатарында.  Еске сала кетейік, аталған рейтингілік турнирден соң Жансель Дениз 108 ұпаймен әлемдік рейтингте 25-ші орында тұр. Бұл көрсеткіш Гран-при турнирінің финалына қатысуға жеткіліксіз. 

 

 

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или