Азия чемпионаты: Астаналық спортшылар ескек есуден 13 медаль алды
Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің және Астана қаласы әкімдігінің № 4 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары байдаркамен және каноэмен ескек есуден Азия чемпионатында 13 медаль олжалады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс 20-25 қазанда Самарқанд (Өзбекстан) қаласында өтті. Чемпионатта әлемнің 15 мемлекетінен 300-ден аса спортшы қатысты.
Халықаралық турнир 200 метр қашықтыққа параканоэмен жүзуден басталды.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында елордалық спортшылар 4 алтын, 4 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді:
Алтын:
Әнуар Әлмағамбетов және Әнуар Акчурин – 200 м қашықтық (каноэ «С2»);
Нұржан Муфтукуулы, Әнуар Әлмағамбетов, Береке Айтбай және Әнуар Акчурин –500 м қашықтық (каноэ «С4»);
Мәдина Қарбаева – 500 м қашықтық (каноэ «С4»);
Әсия Аманкелді – 500 м қашықтық (байдарка «К4»).
Күміс:
Әнуар Әлмағамбетов және Нұржан Муфтукуулы – 1000 м қашықтық (каноэ «С2»); С
ержан Аширов – 1000 м қашықтық (каноэ «С4»);
Әнуар Акчурин – 200 м қашықтық (каноэ «С1»);
Әсия Аманкелді – 200 м қашықтық (байдарка «К1»).
Қола:
Әсия Аманкелді – 500 м қашықтық (байдарка «К1»).
Ересектер арасында байдаркамен және каноэмен жүзуде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Сұлтанбеков астаналықтардың қоржынына тағы да 4 алтын салды.