Көкшетаулық бишілер «DANCE QUALITY - 2018» турнирінде жүлдегер атанды
Көкшетаулық бишілер «DANCE QUALITY - 2018» халықаралық спорттық-би турнирінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Алматы қаласында өткен жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларынан жиналған мықты бишілер қатысып, латынамерикалық би бойынша бақ сынады. Оның ішінде Көкшетаудағы мамандандырылған балалар мен жасөсіпірмдердің спорт мектебі және «Реверанс» клубының тәрбиеленушілері екінші және үшінші орын алды. Жұмабек Нұрболат пен Ақерке Рахметуллинаның жұбы «Е» санаты және латын биінен екінші, «Ювенал 2» алты би бағдарламасы бойына үшінші орын алды. </span><span>Ал, Аманжол Мәди мен Милана Зайцева «Ювенал - «Е» санатында алты би нәтижесі бойынша бесінші орынға тұрақтады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или