Екатерина Айдова: Биылғы маусымда жақсы нәтиже тіркейміз деген үміт басым

Екатерина Айдова: Биылғы маусымда жақсы нәтиже тіркейміз деген үміт басым

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан біріншілігінің чемпиондары анықталды. Әйелдер арасында Екатерина Айдоваға жетер ешкім болған жоқ. 

Қарағандылық спортшы екі қашықтықта жеңімпаз атанды. Еске сала кетейік, ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға, сондай-ақ, жасөспірімдер командасы қабылданады. 

«Конькишілер маусымының басталғанына қуаныштымын. Қазақстан чемпионатынан соң әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын спортшылар іріктеледі. Ал келесі айдан бастап біздің жарыстан босамайтынымыз хақ.

Биылғы маусымда жақсы нәтиже тіркейміз деген үміт басым. Бас бапкер мен командадағы өзгерістер осылай ойлауыма түрткі болды. Секундтарымызды жақсарта түсеміз деген ойдамын. Қазақстан біріншілігін бақылау сынағы деп атасақ та болады. Ал ерлер командасында жағдай басқаша. Олардың іріктеу сыны бізге қарағанда қиындау екенін айтқым келеді. 

Қарсыластарыма келер болсақ, жас спортшылардың өсіп келе жатқаны рас. Болашақта олар маған көмектеседі деп ойлаймын», - дейді Айдова.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама спортшылары 14-18 қараша аралығында Жапонияда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или